Сарапшы: Өнеркәсіптегі ақылды жүйеге хакерлер оңай шабуыл жасай алады

1263

Сарапшы пікірінше, аталған салада киберқауіпсіздікті күшейту керек.

Сарапшы: Өнеркәсіптегі ақылды жүйеге хакерлер оңай шабуыл жасай алады

Қазақстандағы өнеркәсіпте орнатылған ақылды жүйеге хакерлер оңай шабуыл жасай алады. Бұл туралы Kaspersky компаниясы өнеркәсіптік киберқауіпсіздік жөніндегі сараптама орталығының басшысы Антон Шипулин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компания сарапшылары Қазақстанда кибершабуылға төтеп бере алмайтын 90 ақылды өнеркәсіп құрылғысын анықтаған. Олардың басым бөлігі Алматы (50-ден аса) және Нұр-Сұлтандағы (10-ға жуық) кәсіпорындардан анықталған.

"Қазақстандағы өнеркәсіптегі қауіпті жылдам анықтау барысында стратегиялық жағынан маңызды ондаған ақылды жүйеге хакерлер оңай шабуыл жасай алатыны белгілі болды. Киберқауіпсіздік ережелеріне сәйкес мұндай құрылғылар интернеттен толық оқшаулануы керек. Алайда олар желіге қосылған. Бұл хакерлер оларды зерттеуге және қажет болған жағдайда шабуыл жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпорынға қауіп төнеді. Оның салдары әртүрлі болуы мүмкін: ақпараттың жариялануы, өндірістің тоқтауы", – деді Kaspersky компаниясы өнеркәсіптік киберқауіпсіздік жөніндегі сараптама орталығының басшысы Антон Шипулин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу