Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

1087

2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды. 

Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің мәлімдеуінше, үкімет коронавирустың кесірі тиген экономиканы қалпына келтіруге күш жұмсап жатыр. Шара шеңберінде өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.

"Карантиннің шектеу шараларының жеңілдеуі аясында, мамырдан бастап қызмет көрсету секторы бойынша жекелеген салалардың қалпына келуі байқалады. Атап айтқанда, сауда 28,3% -ға, оның ішінде бөлшек сауда – 34,2%-ға, көтерме сауда – 26,1%-ға өсті. Көлік қызметі – 20,7%-ға, оның ішінде жолаушылар айналымы – 41,5%-ға, жүк айналымы – 5,7%-ға артты. Ал тамақтану қызметі – 10,8%-ға өсті", – деді Руслан Дәленов.

Оның сөзінше, экономикалық белсенділікті қалпына келтіру және арттыру мақсатында 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды. Ол қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. 

"Жоспар бойынша өнеркәсіпті дамыту қоры құрылатын болды. Осылайша өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшерлемемен несие беріледі", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу