Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

615

ИИДМ-нің "Ашық сағат алаңында" көлік құралдарына өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасау мәселесі талқыланды, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасау ережелеріне өзгерістер енгізіледі Фото: ИИДМ

Ендігі жерде аталған келісімді жасау үш кезеңде жүзеге асырылмады. Бірінші кезеңде өтініш беруші көлік түрлерін өндіру бойынша инвестициялық келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ зауытты салу мен өндірістік жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыруы тиіс.

Автомобиль құрастыру, арнайы  және ауылшаруашылық машиналарын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдиновтың айтуынша, екінші кезеңде өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырып, өтініш жазады. Осыдан кейін арнайы комиссия кәсіпорынға барып, тексеріс жүргізеді.

"Қазір электронды форматта өтініш беру мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ әр кезеңді нақты мерзіммен ретке келтірге жөн. Көшпелі комиссияның хаттамалық шешімінен соң ЭЦҚ-ның көмегімен электронды форматта келісімге қол қою жоспарланып отыр", деді Руслан Хисамутдинов.

Үшінші кезеңде өндіріс процесін оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес жеңілдіктер мен артықшылықтар беру мәселесі қаралады. Өндірістік оқшаулау процесі тереңдеген сайын  қолдау шаралары да соған сай жан-жақты сараланып көрсетіледі деп көзделген.

Жиынға ИИДМ Индустриялық даму комитеті, Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы және машина жасау саласындағы отандық кәсіпорын өкілдері қатысты. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу