Өнеркәсіптік өндірістің индексі 103,5% құрады

1104

Еліміздің өнеркәсіптік өндірісі қаңтар-қазан айларында 3,5%-ға өскен. 

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 103,5% құрады

2019 жылғы қаңтар-қазанда 2018 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, фармацевтикалық өнімдерінің өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу