2017 жылғы қаңтар-қарашада 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендерінің және көмірдің өндірісі ұлғайды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Сонымен бірге темекі өнімдерінің, резеңке және пластмасса бұйымдарының, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдердің өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды. Ал Шығыс Қазақстан облысында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу