"Өнеркәсіптік саясат туралы" заң қабылданады

1021

Мәжілістің жұмыс тобында  "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы қаралып жатыр.  

"Өнеркәсіптік саясат туралы" заң қабылданады

Бұл туралы өнеркәсіп саясаты департаментінің  директоры Лаура Садықова айтты, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Заң жобасында экономикалық, әкімшілік, құқықтық, институционалдық және басқа жағдайларды қамтитын өнеркәсіптік климат ұғымын енгізу көзделіп отыр. Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда өндіріске қатысты функциялар әртүрлі ведомстваларға бөлінген. Заң жобасында өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделіп отыр. Оның мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар болады", - деді департамент директоры.

Жария болғандай,

ведомствоаралық комиссияға үкімет атынан халықаралық келіссөздерге дайындық жүгізу құзыреті беріледі.

"Ведомствоаралық комиссияға жаңа ынталандыру шараларын енгізу, қолданыстағы ынталандыру шараларын қайта қарау немесе жою туралы үкіметке ұсыныс қалыптастыра міндетін жүктеу жоспарлануда. Бұған қоса индустриялық саясат бойынша халықаралық ұйымдармен келіссөздерге үкіметтің позициясын дайындау құзыретін беру көзделген. Сонымен қатар өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушілі туралы шешім қабылдап, аталмыш саясаттың іске асырылуы туралы есепті тыңдайды", - деді Лаура Садықова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу