Құжат өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелерін реттеуге және осыған қатысты нормаларды жетілдіруді көздейді.
Заң жобасында өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша шешім қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің тиімді жүйесін құру, инновациялық қызметті және жоғары технологиялық өндірісті дамытуды ынталандыру, өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығы мен экспорттық әлеуетін арттыру қажеттігі жазылған. Бұған қоса кәсіпкерлік, бюджет кодекстеріне, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы", "Қазақстанның Даму Банкі туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" заңдарға өзгеріс пен толықтыру енгізу ұсынылған.
Айта кетейік, заң жобасына қатысты жұмыс тобына депутаттар мен комитеттерден 109 ұсыныс келіп түсті. Барлық ұсыныс мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 9 және комитеттің кеңейтілген отырысында талданды. Нәтижесінде мәжілістің барлық комитеті заң жобасына оң қорытынды берді.
Қанат Махамбет