Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жеңілдей түспек

995

Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жеңілдей түспек. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жиында Еуразиялық кеңістік елдері зияткерлік меншікті қорғауда маңызды құжатқа қол қойды.

Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жеңілдей түспек

Патенттеу 8 елдің аумағында жұмыс істейді. Олар: Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан. Алайда басқа мемлекеттер де өз өнімін қорғауда халықаралық ұйымға жүгіне алады. Мысалы, 25 жылда  әлемнің 120 елінен өнімін патенттеуге өтініш білдірген. Көбінесе жиһаз, сағат, киім үлгісін ойлап тауып, шығармашылығын заң жүзінде өз атына бекітеді. Сондай-ақ, жиында Еуразиялық экономикалық елдер арасында алдағы уақытта бірыңғай сауда белгісі пайда болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу