Өнім атауын шығарылған жермен байланыстырғандарға артықшылық беріледі

855

Парламент депутаттары тауар таңбасы, географияны көрсету және тауар шығарылған жердің атаулары бойынша "оппозициялық" жүйе енгізуді ұсынды.  

Өнім атауын шығарылған жермен байланыстырғандарға артықшылық беріледі

Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанованың айтуынша, зияткерлік меншік туралы заң жобасы бойынша бірқатар түзетулер әзірленді. Бұл нормалар тоғыз мыңға жуық қазақстандық автор мен құқық иеленушіге сыйақы алуға мүмкіндік береді және ұжымдық ұйымдардың құқықтары бұзылмауын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зияткерлік меншік туралы заң жобасында "географияны көрсету" деген жаңа объектісі ұсынылады.

"Мысалы, "Қазақстандық шоколад", "Көкшетау балмұздағы", Осакаров саумалы, Лепсі балы және басқалары. Бұл жағдайда өнімнің беделі мен сапасы белгілі бір географиялық объектімен байланысты болады. Отандық тауар өндірушілерге әлемдік нарыққа шығуға жаңа мүмкіндік береді", – деп сендіреді депутат.

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екі оқылымда да қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу