Өнім өткізу шығысы 26%-ға төмендеді

665

Бірінші жартыжылдықта "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" өткізген өнімнің өзіндік құны 154 045 млн теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72%-ға көп көрсеткіш. 

Өнім өткізу шығысы 26%-ға төмендеді

Оң көрсеткішке өткізу көлемі мен үшінші тараптан сатып алынған уран үлесінің ұлғаюы негіз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық атом компаниясының экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Камила Сыздықованың сөзіне сілтеме жасап. 

"2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өнім өткізу шығысы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға төмендеп, 3 642 млн теңгені құрады. Бұған уран өнімдерін жеткізу пункттерінің өзгеруі себеп болды", – деді бас директор.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу