Өнімдерді Қытай стандарты бойынша сертификаттау үшін зертхана құрылады

1111

Өнімдерді Қытай стандарты бойынша сертификаттау үшін зертхана құрылады

ШҚО-да ет және ет өңдейтін екі комбинат салынады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 105% өсіммен 270 мың тонна ет өндірілді, бұл республикалық үлестің 15%-ы.

"Жоғары сапалы дайын өнімдер нарығына шығу үшін "Евразия АгроХолдинг" ЖШС австралиялық компаниясымен тізе қосып, Аягөз ауданында ет өңдейтін комбинат салу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек біздің тараптан нысанға 468 млн теңгеге барлық қажетті инфрақұрылымы жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есебінде.

Сондай-ақ, "АгроПортал" ЖШС ирандық компаниямен бірге Семейде ет өңдеу комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға дайын. Осы ретте өткен жылдың соңында ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті мен "АгроПортал" ЖШС арасында инвестициялық келісімшартқа қол қойылғандығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптаудың бүкіл жиынтығын жүзеге асыратын зертхана ашылады. Аймақ басшысының айтуынша, "Қытайлық стандарттар бойынша сертификаттау – Қытай нарығына апаратын төте жол".

"Біз үшін Қытай нарығы маңызды. Қазіргі күні облыста қазақстандық өнімдерді қытайлық стандарт бойынша сертификаттау зертханасын құру жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселе бойынша биыл қаңтарда Қытай Халық Республикасынан бір топ мамандар біздің облысқа келіп қайтты. Зертхананы орналастыратын ғимарат дайындалуда. Құны миллиард теңгеден асатын қондырғы қазан айында жеткізіле бастайды", – деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу