Өнімділігі төмен жерлер жайылымға беріледі

804

Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан 3 млн гектарға жуық жер меншік иелерінен алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімі Даниял Ахметовтің сөзіне сілтеме жасап. 

Өнімділігі төмен жерлер жайылымға беріледі

Мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға жайылымдық жер жетпей жатқанын тілге тиек еткен облыс басшысы жерді алудың нақты алгоритмі бар екенін айтты. 

"Глубокое, Аягөз, Зайсан аудандарында жерді қайтарып алу шарасы ойдағыдай жүріп жатыр. Біз өнімділігі төмен және өсімдік шаруашылығы үшін тиімсіз жерлерді жайылымға беру мәселесін қарастырып жатырмыз", – деді Даниял Ахметов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу