Өнімділігі жоғары, жылдам өсетін күріштің жаңа сорттары әзірленді

Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. 

Өнімділігі жоғары, жылдам өсетін күріштің жаңа сорттары әзірленді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметімен бірлесіп жұмыс атқарылады. Жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізудеміз", – деді аймақ басшысы. 

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізуде. 

"Биылғы нәтиже жақсы. Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. Келесі жылы да осы оң көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енеді", – деді өңір әкімі.

Облыста 2025 жылға қарай күріш алқаптары су көлеміне қарай азайтылады. Оның орнына суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемі 8,7 мың гектарға  артады. 

Оның ішінде, майлы дақылдар алқабы 13%-ға, мал азықтық дақылдар алқабы 8%-ға, картоп, көкөніс, бақша дақылдар алқабы 0,5 %-ға, басқа дәнді дақылдар егісі 21%-ға ұлғайтылмақ.

Су, Қызылорда облысы, дақылдар, күріш Өнімділігі жоғары, жылдам өсетін күріштің жаңа сорттары әзірленді

Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметімен бірлесіп жұмыс атқарылады. Жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізудеміз", – деді аймақ басшысы. 

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізуде. 

"Биылғы нәтиже жақсы. Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. Келесі жылы да осы оң көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енеді", – деді өңір әкімі.

Облыста 2025 жылға қарай күріш алқаптары су көлеміне қарай азайтылады. Оның орнына суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемі 8,7 мың гектарға  артады. 

Оның ішінде, майлы дақылдар алқабы 13%-ға, мал азықтық дақылдар алқабы 8%-ға, картоп, көкөніс, бақша дақылдар алқабы 0,5 %-ға, басқа дәнді дақылдар егісі 21%-ға ұлғайтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу