Өнімін шетелге сататын компаниялардың шығыны өтеледі

1060

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша 10 компаниядан түскен  17 өтінім мақұлданды. 

Өнімін шетелге сататын компаниялардың шығыны өтеледі

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша шетелге өнімін сататын, қалыптасқан жағдайға байланысты экспортқа шығара алмай отырған компаниялардың шығыны өтеледі. Қазіргі кезде министрлік 10 компаниядан түскен  17 өтінім мақұлдаған. Нәтижесінде  оларға 84,6 млн теңге көлеміндегі өтемақы берілмек.

Өтінімдер индустриалды-инновациялық қызмет субьектлері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ведомствоаралық комиссияның екінші отырысы кезінде мақұлданған.

"Сауда және интеграция министрлігінде индустриалды-инновациялық қызмет субьектлері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша ведомствоаралық комиссияның екінші отырысы өтті. Жалпы жыл басынан бері экспорттаушы компанияларға мемлекет 234 млн теңгеге жуық өтемақы төленді", – деп жазылған хабарламада.

Өтемақыны  "Цин-Каз" ЖШС, "Проммашкомплект" ЖШС, "Selena Insulations-Селена Инсулейшнс" ЖШС, "Кублей" ЖШС, "Пойма Май Комбинаты" ЖШС, "АЙ-АР" ЖШС, "Сервисно-заготовительный центр "АгроТраст" ЖШС, "Царская Каша KZ" ЖШС, "Жантөре Саудакент" ЖШС, "Молпродукт" ЖШС алады.

Бұл компаниялар тағамдық, өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады. Оларды Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Қытайға экспорттайды.

Бюджеттік қаражатты тиімді игеру үшін кәсіпорындар жұмыс орнын, экспорт көлемін, еңбек өнімділігін, дайын өнім көлемін ұлғайту бойынша міндеттеме алды. Сонымен қатар аталған компаниялар өнімдерін алдағы уақытта Беларусь, Украина, Чехия, Болгария, Польша, Түркия мен Ауғанстан нарығына шығулары керек.

Айта кетейік, аталған комиссияның бірінші отырысында "Сәуле" кондитерлік компаниясы,  "АБИ-Экспорт" ЖШС, "SAMHAT" аяқ киім фабрикасына жалпы көлемі 149,3 млн теңге өтемақы төленетіні туралы хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу