Өңір әкімі Теміртау автопаркінің 50 пайызын жаңартуды тапсырды

918

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бес жылдан асқан автобустары бар тасымалдаушылар конкурсқа қатысуға тиіс емес. 

Өңір әкімі Теміртау автопаркінің 50 пайызын жаңартуды тапсырды Фото: voxpopuli.kz

Теміртау қаласында алдағы жылдарға арналған іс-қимыл жоспары талқыланды. Жиында облыс әкімі қоғамдық көлік жұмысын сынға алды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Автобустар тозған және іс жүзінде жаңартылмаған. Биылғы жылы тасымалдаушылар тек 4 жаңа автобус сатып алды. Жақын арада сіздердің тасымалдаушылармен жаңа келісім-шарттарға қол қоюларыңыз қажет. Онда паркті жаңарту жөніндегі талап көрсетілуін қадағалаңыз. Бес жылдан асқан автобустары бар тасымалдаушылар конкурсқа қатысуға тиіс емес. Егер жаңартуды қаламаса, басқа компанияларды жұмылдырамыз. Келесі жылы автопарктің 50%-ын жаңартуды тапсырамын", – деді Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы Теміртаудағы экологиялық жағдайды сауықтыру жөніндегі Кешенді жоспардың орындалуын, сондай-ақ жылыту маусымының өтуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Қалалық билік жұмыссыздықты төмендету үшін NEET-жастармен жұмысты күшейтуге тиіс.

"Көріп отырғандарыңыздай, сұрақтар көп. Олардың барлығы шешімді, қаржылық салымдарды талап етеді. Биыл Қала бюджеті 28%-ға өсті, 2020 жылға тағы да 7 млрд теңгеге артық қаржы қарастырамыз. Біз сіздердің тұрақты жұмыс істеулеруңізді қалаймыз, комбинат өзінің 60 жылдығын, Теміртаудың 75 жылдық мерейтойын лайықты атап өтті. Өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу