Алматы облыстық ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері Шығыс Қазақстан облысына көмек көрсетуге және су тасқыны салдарымен күресуге аттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қардың күрт еруі салдарынан болған су тасқыны зардаптарын жоюға, сондай-ақ авариялық-құтқаруды жүргізуге және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау үшін Алматы облыстық ТЖД-ның жеке құрамы Шығыс Қазақстан облысына аттандырылды. Құтқарушылар 15 мотосорғы, резина қайықтар, сүңгуір киімі мен альпинистік жабдықтар, спутник телефондары, GPS навигаторлар мен трекерлермен жарақтандырылған", - дейді ҚР ІІМ ТЖК-ден.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу