Өңірлер арасында ең көп салықты атыраулықтар төлеген

958

Халқының саны миллионнан асатын Нұр-Сұлтан мен Алматы салық төлеуде Атырау облысына жол берді.

Өңірлер арасында ең көп салықты атыраулықтар төлеген

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірлерден түскен салықтар туралы мәлімет айтылды.

"2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жалпы 290,8 млрд теңге жергілікті салық түскен. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда, кірістер 20,2 млрд теңгеге артты. Өңірлер арасында айтарлықтай түсім Атырау облысында – 41,5 млрд теңге, Алматыда – 37,0 млрд теңге және Нұр-Сұлтан қаласында 30,1 млрд теңге тіркелді", – деді салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу