Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы тоқтайды

586

Бұл – уақытша шара.  

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы тоқтайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсыныстар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Оның бір бөлігі елдегі көлік қатынасына қатысты. Атап айтсақ:
- Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;
- Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);
- Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;
- Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу