Жалпы, республика бойынша 9 айда жанармай бағасы 8,7% қымбаттады, деп хабарлайды naryk.kz.
finprom.kz сараптама порталының мәліметі бойынша, жанармай бағасы 2017 жылдың қыркүйегінде былтырғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,7%, Ал 2016 жылы 1,5%, 2015 жылы 4,5% қымбаттаған.
Әсіресе, АИ-92 бағасы жыл басынан бергі 9 айда 9,4% қымбаттаған. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 11,4% көтерілген еді.
Дизель отыны 2016 жылмен салыстырғанда 11,3% қымбаттады, ал оның алдыңғы жылы 27,3% қымбаттаған болатын.
Биыл сонымен қатар АИ-98 жанармайы 5,7% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ең қатты қымбаттаған облыс БҚО. Бұл облыста бензин бағасы 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10,6% қымбаттады.
Сонымен қатар, СҚО-да 9,8%, ШҚО-да 9,7% және Қарағанды облысында 9,6% қымбаттаған.
Елордада 8,7%, Алматыда 8,5% өсті.
Ең баяу өсім Қостанай облысында 6% болды.