Өңірлер төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның талабын орындамай отыр

651

Медицина қызметкерлеріне 3 облыста ғана жайлы жағдай жасалған.  

Өңірлер төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның талабын орындамай отыр

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың мәлімдеуінше, төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында карантиндегі нысандарда науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлерінің жұмыстан соң демалуына жағдай жасау қажеттігі нақтыланған. Алайда бұл талапты өңірлердің басым бөлігі күні бүгінге дейін орындамай отыр. 

"Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары ғана медицина қызметкерлерінің жұмыстан соң демалуына жайлы жағдай жасаған. Қалған өңірлерде бұл мәселе шешілмеген", – деді Людмила Бюрабекова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу