Өңірлер жылыту маусымына 65 пайыз дайын

100

Энергетика министрлігінің мәліметінше, өңірлер жылыту маусымына қажетті көмір қорының 65 пайызын ғана дайындаған.  

Өңірлер жылыту маусымына 65 пайыз дайын Фото: kazaknews.kz

Қазіргі уақытта жоспарланған 7,4 млн тонна көмірдің 4,8 млн тоннасы жиналған. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов көмір өндіруші кәсіпорындармен және "Қазақстан темір жолы" өкілдерімен кеңес өткізіп, жеткізу мен тасымалдау мәселесін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиында вагон жетіспеушілігі, өңірлік операторлардың жұмысы және көмір дайындау қарқыны қаралды. 

Министрлік өңірлердің көмірмен уақтылы әрі толық қамтамасыз етілуін ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу