Өңірлерде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу ісі көбінесе формалды түрде жүргізіледі - Үкімет басшысы

485

Балаларға арналған бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес сапалы өтуі тиіс.

Өңірлерде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу ісі көбінесе формалды түрде жүргізіледі - Үкімет басшысы Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

“Бірнеше күннен кейін кезекті оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады. Оны пайдалы әрі қызықты өткізулері келеді. Сондықтан біз бала денсаулығын нығайтуға, білімдерін толықтырып, жақсы демалуына жағдай жасауымыз керек. Жалпы мемлекет   инфрақұрылымды дамыту, білім сапасын көтеру, тәрбие жұмысын күшейту,   балаларды қосымша біліммен қамту бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуде”, - деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының сөзінше, балалардың спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге тегін баруына мүмкіндік беру үшін жергілікті бюджеттен 93 млрд теңге бөлінген. 

Бұдан бөлек ол оқушыларға арналған 50 сауықтыру лагерін, 100 инновациялық шығармашылық орталығын салу бойынша жұмыстар басталып кеткенін жеткізді. Бұл нысандардың құрылысы 2026 жылы аяқталуы қажет, делі Әлихан Смайылов. 

“Сонымен бірге өңірлерде балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын тиімді өткізу ісі көп жағдайда формалды түрде жүргізіледі. Әсерлі, мағыналы іс-шаралар аз. Көбіне сапасы сын көтермейді. Ауыл балаларына да қажетті деңгейде көңіл бөлінбейді. Бұл орайда әкімдіктер тарапынан тиісті жұмыс көлемі жеткіліксіз екенін атап өту керек. Жалпы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде көптеген маңызды мәселелерді ескеру қажет. Әсіресе, балаларға арналған бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес сапалы өтуі тиіс”, - деді Премьер-министр.

Ол жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі де басты назарда болу қажеттігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу