Өңірлерде инфляция үдеді

493

Еліміздің 17 өңірінде инфляция үдеді. 

Өңірлерде инфляция үдеді Фото: Яндекс

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, азық-түлік инфляциясы Маңғыстау және Ақмола облыстарында және Астана қаласында ең жоғары мәнге ие болды. Маңғыстау өңірінде ішіп-жем бағасы   31 пайызға өскен. 

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Астананың бағалары бірден шарықтап кеткен. Ақылы қызметтер Ақмола облысында 30 пайызға қымбаттаған. Төменгі көрсеткіштер Алматы облысы мен Шымкент қаласында тіркелді. Жалпы алғанда,  ақпанда жылдық инфляция 21,3 пайызға жетті. Сарапшылардың сөзінше, бағалар жыл соңына дейін өсе береді және әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ. Елдегі инфляцияға сыртқы және ішкі факторлар әсері басым. 

"Бізде бюджеттің шығыны табысынан көп.  Халықтың қажеттілігі үшін бюджеттен орасан зор ақша кетіп жатыр. Олардың бәрі тиімді жаратылмайды. Одан бөлек ипотека мен мемлекеттік бағдарламалар бар. Оның бәрі инфляцияны жылдамдатады", дейді Экономист Арман Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу