Өңірлерде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау басталды

943

Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Өңірлерде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау басталды

"Инфекциялық ауруханалардағы орындардың қамтылуы – 30%-ды, ал реанимациялық орындардың қамтылуы – 25%-ды құрайды", – деді премьер-министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары әзірше "қызыл аймақта". "4 өңір – "сары", 11 өңір – "жасыл аймақта" тұр", – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының сөзінше, шекара маңындағы өңірлер эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстауға тиіс.

"Коронавирус инфекциясынан қорғанудың маңызды тәсілі вакцинациялау болып табылады. Сондықтан оның қарқынын одан әрі ұлғайту керек.

Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компоненттін 8,7 млн адам салдыртты. Бұл – 18 жастан асқан тұрғындардың 76%-ы. Екінші компонентті шамамен 8 млн адам немесе халықтың 70%-ға жуығы алды", – деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, кеше барлық өңірлерде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау басталды.

"Вакцина қоры жеткілікті. Оны сақтау мен тасымалдау режимін қамтамасыз ету аса маңызды. Әкімдерге мәселені жеке бақылауда ұстауды тапсырамын", – деп қорытты сөзін Асқар Мамин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу