Өңірлерде қосымша ПМПК орталықтары ашылады

839

Қазақстанда қосымша 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орталығы (ПМПК) ашылады. 

Өңірлерде қосымша ПМПК орталықтары ашылады

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парағында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін 60-тан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр. Бүгінде 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінде қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады", – деді министр.

Оның пікірінше, бұл кезек мәселесін шешіп, балалардың ерекше білім беру қажеттілігін ерте анықтауға, әрі сапалы бағалауға септігін тигізеді.

Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу