Өткен демалыста елімізде 92 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, мыңнан астам фермер өнім ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы республика бойынша бір апта ішінде 203 тоннадан астам сиыр еті өткізілген. Орташа баға келісіне 3085 теңгені құрап, Ұлттық статистика бюросы тіркеген деңгейден 3,9%-ға төмен болды. Алдын ала есеп бойынша жәрмеңкелерге жалпы саны 190 мыңнан астам тұрғын қатысты.
Негізгі көрсеткіштер:
- Қарағанды облысы – 52 тонна, Астана – 45,5 тонн, Алматы – 35 тонна
- Елордада ет 3200–3500 тг/келі, Алматыда 3150 тг/келі болды.
- Павлодарда ең төмен баға тіркелді – 2400 тг/келі (нарықтан 24%-ға арзан).
- Ақтөбеде 2700 тг/келі (–8%), Қызылорда мен Түркістанда – 2500 тг/келі (–18% және –13%).
Жәрмеңкелерге ең көп адам Астанада (40 мың) және Ақтауда (30 мыңнан астам) келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу