Өңірлерде жаңадан 36 спорт нысанының құрылысы жоспарланған

464

Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 4 спорт нысанынан салынады. 

Өңірлерде жаңадан 36 спорт нысанының құрылысы жоспарланған Фото: astanatv.kz

Айта кету керек, спорт инфрақұрылымын қаржыландыру, жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары жергілікті әкімдіктердің құзыретіне кіреді, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл және Ұлытау облыстарында 3 спорт нысанынан салынса, Абай, Атырау, Түркістан облыстарында 2 нысаннан жоспарланған. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының әрқайсысында 1 спорт нысаны жаңадан бой көтереді.

Бұдан бөлек, биыл жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын реконструкциялау бағытында 9 нысанды жөндеуден өткізу қарастырылған.

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай 2029 жылға қарай елімізде жаңадан 113 спорт нысанын қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ 20 спорт нысанын жаңғыртып, модернизациялауды және 6 спорт нысанын қайта жабдықтауға ниетті.- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу