Өңірлердегі 800-ден астам инфекционистің орны бос тұр

700

Медицина мекемелеріне 4 мың дәрігер қажет.  

Өңірлердегі 800-ден астам инфекционистің орны бос тұр

Қабылданған шараларға қарамастан денсаулық сақтау министрлігі халық денсаулығын қорғауды дамытудың жүйелі жолын таба алмады. Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында халық қалаулысы Мұрат Бақтиярұлы осылай деді.

Ол медицина саласындағы өзекті мәселелердің күрмеуі шешілмей тұрғанын тілге тиек етіп, отандық медицина нарығы ауыр сынаққа төтеп бере алмағанын айтты.

"Індет кезеңінде орын алған жағдайдан қорытынды шығарып, сала мамандарының пікірлері мен ұсыныстарын ескеру керек", – деді депутат.

Мұрат Бақтиярұлы дәл қазір емдеу орындарында 4 мың дәрігер жетіспейтініне тоқталып, өңірлердегі ауруханалар мен емханаларда 800-ден астам инфекционистің орны бос тұрғанын баяндады.

Оның сөзінше, медицина саласының мамандарымен қамту көрсеткіші қалада – 56,8%,  ауылда – 16,1% құрайды. Медицина мамандарын даярлайтын 6

жоғары оқу орнындағы салалық мамандарды даярлайтын медициналық-профилактикалық факультеттер жабылып қалған. Салдарынан маман тапшылығы туып отыр

"Ұлт денсаулығы – мықты мемлекет кепілі. Сондықтан адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, ажалға араша түсетін дәрігерлер қауымына арнап, "Дәрігерлер мәртебесі туралы" заң қабылдауды ұсынамыз", – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу