Өңірлердегі азық-түлік бағасы бақылауда болады

671

Үкімет отырысында сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуге және болжамды баға қалыптастыруға мүмкіндік беретін платформа құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлердегі азық-түлік бағасы бақылауда болады

"Сауда бойынша сараптамалық платформа онлайн режимде жұмыс істейді. Платфора азық-түлік бағасын бақылауға, талдауға, сараптауға және болжамды баға қалыптастыруға жағдай жасайды. Мүдделі мемлекеттік органдардың қолданыстағы базаларымен интеграция жүргізе отырып, платформа бағаның өсу себебі мен оны тұрақтандырудың математикалық модельін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сауда саласының жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, түпкілікті тұтынушыға дейін бүкіл тізбек бойынша тауарға баға белгілеу үрдісін анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс үкіметтің цифрлық кеңсесі аясында жүргізіледі. Платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары қосылады. Бұл өңірлердегі бағаны бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", – деді вице-министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу