Өңірлердегі жобаларға 1,3 трлн теңге жұмсалады

1027

Жыл соңына дейін өңірлерде индустрияландыру картасы аясында 139 жоба іске қосылып, 12 700 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлердегі жобаларға 1,3 трлн теңге жұмсалады

Министрдің мәлімдеуінше, жобаны жүзеге асыруға 1,3 трлн теңге жұмсалады. 

"Қараша айындағы жағдай бойынша құны 1 трлн теңге болатын 83 жоба пайдалануға беріліп, 9 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың ішінде Қарағанды облысындағы байыту фабрикасын атап өтуге болады. Жаңа полиметалл фабрикасы қорғасын-мырыш кенін өндіру көлемін 2,5 есеге, жылына 5 млн тоннаға дейін арттырады. Қызылорда облысында желтоқсан айында Orda Glass жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табақ шыны өндіретін зауытын техникалық іске қосу жоспарлануда. Оның өнімділігі – жылына 197,1 мың тонна шыны. Зауыт ашылғанда 226 жаңа жұмыс орны құрылады. Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын кеңейту жобасы іске қосылды. Ол сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын 2 есеге арттырып, жылына 50 млн тоннаға жеткізеді. Мыс өндірісін жылына 190 мың тоннаға дейін қамтамасыз етеді", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу