Өңірлердегі жолаушылар тасымалына субсидия аз бөлінеді

1369

Еліміздегі жолаушылар тасымалдайтын компаниялар мемлекеттік қолдауға зәру.

Өңірлердегі жолаушылар тасымалына субсидия аз бөлінеді

Қалаішілік және қалааралық бағыттарда жолға шығатын автобустардың 60 пайызы ескіріп, жаңартуды қажет етіп тұр. Бұл туралы "Kazlogistics" Қазақстан көлік одағының өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz.

Түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін арнайы бағдарлама да әзірленген. Оның аясында, 2019-2021 жылдар аралығында жолаушылар тасымалдайтын 17 мың 500 автобустың 1000-нан астамы жаңартылуға тиіс. Бұл іске 47 миллиард теңге жұмсау көзделіп отыр.

Биыл автобуспен жолаушылар тасымалдайтын компанияларға 39 млрд теңге субсидия бөлінді. Басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі. Биыл бұл шаһар 30 миллиард теңгеге жуық қаржыны автобустарды жаңартуға жұмсады. Себебі, онда электронды билет пен бірыңғай диспетчер жүйелері тиімді жұмыс істеп тұр. Сол арқылы ашықтық қағидасы сақталып, әкімдік жолаушылар тасымалын тікелей бақылайды. Есесіне, субсидия уақытылы бөлінеді. Елордамызда да жағдай тұрақты. Бірақ, басқа өңірлерде электронды жүйелердің қолданылуы өте сирек. Сәйкесінше, субсидия бөлу жағы ақсап тұр",­– дейді "Kazlogistics" Қазақстан көлік одағының бас директоры Ерлан Абсатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу