Өңірлерден 9,3 млн тонна көмірге сұраныс түсті

1120

Сенаттың жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлер көмірмен тиісінше қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлерден 9,3 млн тонна көмірге сұраныс түсті

"Көмір бағасын өсірмеу үшін біраз шара қабылдадық. Ең алдымен көмір өндіретін "Қаражыра", "Богатырь", "Шұбаркөл" сияқты ірі компаниялармен меморандумға қол қойып, тұрақты бағаға келістік. Қазір көмірдің бағасы 5 200 теңгеден басталады", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл жылыту маусымына өңірлерден 9,3 млн тонна көмірге сұраныс түсті. Бүгінге дейін 8,8 млн тонна көмір жөнетілді. 

"Көмір кеніштеріндегі баға тұрақты. Шұбаркөл көміріне сұраныс көп болғандықтан, қараша айында 484 мың тонна көмірге қосымша тапсырыс бердік. Көмір дер кезінде тиеліп, жөнелтіліп жатыр. Өңірлерден тағы сұраныс болса, көмір көлемін арттыруға дайынбыз", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу