Өңірлерден қару жасырылған орындар анықталды

123

Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркілеген.  

Өңірлерден қару жасырылған орындар анықталды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейінгі үш жылда 8 541 қару, сондай-ақ, 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі тәркіленді.

"Жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 схрон табылды. Бүгінде 1 263 қару Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды. Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу