Өңірлерді дамыту жоспары жаңартылады

1063

Еліміздің әр өңірінің бәсекелестік артықшылығын айқындайтын шараларды қамтитын өңірлік дамудың жаңа тәсілі қолданысқа енгізіледі. Бұл үшін "Агломерацияларды дамыту туралы" заң әзірленеді. Yкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлерді дамыту жоспары жаңартылады

"Заң шеңберінде орталық қала мен шеткері аймақ арасында функцияларды нақты бөлу жолымен институционалдық дамыту көзделеді. Бірыңғай қала құрылысы агломерацияларын жоспарлау енгізіледі. Аумақтық даму жоспарында "Адамдарды – инфрақұрылымға" жақындату қағидаты бекітіледі. Бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес, өңірлерді дамыту жоспары жаңартылады", – деді Ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу