Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзінше, өңірлердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін теңестіру үшін даму бюджеті жыл сайын көбеймек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Даму бюджеті жыл сайын артып келеді. 2026 жылы – 1,8 трлн теңге, 2027 жылы – 3,2 трлн теңге және 2028 жылы – 4,1 трлн теңге. Үш жылда барлығы – 9,1 трлн теңге, – деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар, жиында экономиканың нақты секторын қаржыландыру тетіктерін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары "Бәйтерек" АҚ-ны капиталдандыруға шамамен 1 трлн теңге қарастырылатынын мәлімдеді.
– Экономиканың нақты секторын дамыту үшін "Бәйтерек" АҚ-ны шамамен 1 трлн теңгеге капиталдандыру көзделуде. Автомобиль және теміржолдарды салу мен реконструкциялау сияқты инфрақұрылымдық жобаларға мемлекеттік кепілдіктер көлемін арттыру жоспарлануда, – деп қоса кетті вице-премьер.