Өңірлердің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

597

"Қазгидромет" РМК сайтында 9 маусым, бейсенбіге Қазақстанның бүкіл аумағына арналған ауа райы болжамы ұсынылды.

Өңірлердің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел  екіпіні 3-8 м/с болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз,  9-14 м/с жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы. Өңірде күн күркіреп, шаңды дауыл соғады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 18-20 градус жылы. Өңірде желдің екпіні күшеюі мүмкін деп болжанып отыр. 

Атырауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 28-30 градус жылы. Өңірде шаңды дауыл соғады деп күтілуде.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы. Өңірде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 26-28 градус жылы. Өңірде найзағай, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 20-22 градус жылы. Өңірде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда үшін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 градус жылы.  

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы. Өңірде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 26-28 градус жылы. Өңірде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 33-35 градус жылы.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 37-39 градус жылы. Аймақта найзағай, бұрқасын, солтүстік пен батыста шаңды дауыл күтіледі.

Оралда бұлтты, жаңбыр жауады, түнде және күндіз найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.  

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 30-32 градус жылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу