Өңірлерге 1,9 трлн теңге нысаналы трансферт бөлінеді

959

Жергілікті бюджеттің шығысы 2,8 трлн теңгені құрады. 34 млрд теңге атқарылмады.  Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлерге 1,9 трлн теңге нысаналы трансферт бөлінеді  Фото: inbusiness.kz

"Биыл өңірлерге 1,9 трлн теңге нысаналы трансферт көзделіп отыр. 
Оларға 1 маусымға 646 млрд теңге бөлінген. Қаржының 97,5% игерілген.
16 млрд теңге атқарылмаған. Оның 2 млрд теңгесі үнемдеуге, 14 млрд теңгесі игермеуге жатқызылды. Қазына қаржысын тиісінше игермеудің жоғары көрсеткіші Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында қалыптасты", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу