Өңірлерге 100 жылжымалы кешен жеткізіледі

647

Жаңа инфекциялық ауруханаларда 3 мыңнан аса орын әзірленеді. 

Өңірлерге 100 жылжымалы кешен жеткізіледі

Денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа инфекциялық стационарлар мен зертханалар туралы сөз қозғады. Оның сөзінше, елдегі ауруханалар 13 мыңнан аса науқасты қабылдауға дайын. 

"ПТР-тест тапсырғандар қатарының көбеюіне байланысты КВИ-ға шалдыққандардың да саны артуда. Бүгінде сараптамалық орталықтар тәулігіне 55 мыңға жуық тест жасай алады. Елімізде 13 355 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 16%-ы, яғни 2 мыңнан астам науқас жатыр. 6 841 карантиндік төсек-орын дайындап қойдық. Оның 8%-ы немесе 600-дей ғана науқас ем қабылдауда. Инфекциялық ауруханаларда қосымша 3 335 орын әзірленеді", – деді вице-министр. 

Бұған қоса 23 қазанға дейін өңірлерге 100 жылжымалы кешен жеткізіледі. 

"Жуырда ғана оның 25-і аймақтарға жөнелтілген. Олардың ішінде лабораториялық, рентген аппараттары бар. Кадрлар бүкіл ауыл-аймақтарды аралап, медициналық көмек көрсетілетін болады", – деді Ажар Ғиният. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу