Өңірлерге 2,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлінеді

781

Мемлекеттік бюджеттің шығысы – 99,3%, республикалық бюджеттің шығысы – 99,8%, жергілікті бюджеттің шығысы – 98,7% атқарылды.  

Өңірлерге 2,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлінеді

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық деңгейдегі бюджеттің игерілу  көрсеткіші жоғары болғанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республикалық бюджет бойынша 8,6 трлн теңгенің шығысы атқарылды. Атқарылмау – 17 млрд, оның ішінде үнемдеу 5 млрд теңгені құрады. 12 млрд теңге игерілмеді. Игерілмеген қаржының қомақты көлемі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қаржы, төтенше жағдайлар, сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Қаржының игерілмеуіне шарттарды қазынашылық органдарға тіркеуге кеш ұсыну, төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды дер кезінде ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, сот талқылаулары себеп болды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің мәлімдеуінше, жергілікті бюджеттің шығысы 4,5 трлн теңгені құрады. Оның 58 млрд теңгесі атқарылмады.

"Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделген. Өңірлерге 1 тамызға 1 трлн 160 млрд теңге бөлінді. Оның 98,2% игерілді. 21 млрд теңге атқарылимады. Үемдеу - 3 млрд, игермеу - 18 млрд теңгені құрады. Қаржыны игермеудің жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қалыптасты", – деді қаржы министрі.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу