Өңірлерге 6,2 трлн теңге субвенция бөлінеді

605

2021-2023 жылдарға арналған бюджеттен экономиканың нақты секторын қолдау мен  дамытуға 3,2 трлн теңге бөлінеді.  

Өңірлерге 6,2 трлн теңге субвенция бөлінеді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәлімдеуінше, келесі жылы бұл мақсатқа 1,7 трлн теңге жұмсалады.

"Нұрлы жол", "Нұрлы жер", индустриялық-инновациялық даму, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға нақты шығыс қарастырылған", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен  құқықтық тәртібін  қорғауды қамтамасыз етуге  3,4 трлн теңге бөлінетінін, оның 1,3 трлн теңгесі 2021 жылға қарастырылғанын айтты.

Оның сөзінше, өңірлік саясат мемлекетті дамытудың маңызды бағытының бірі болып табылады.

"Үш жылдық кезеңде өңірлерге 6,2 трлн теңге субвенция бөлінеді. Оның 2,1 трлн теңгесі 2021 жылы жұмсалады", –деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, бюджет жобасында 5,9 трлн теңге нысаналы трансферт қамтылған. Оның 1,9 трлн теңгесі 2021 жылға арналған.

"Жалпы үшжылдық кезеңде өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 12 трлн теңге, оның ішінде 2021 жылы – 4 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 28,4%-і бөлінеді", –деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу