Өңірлерге коронавирус вакцинасының 4,4 млн дозасы жеткізілді

1031

Қазақстан азаматтарына бүгін де вакцинаның төрт түрінің бірін таңдауына болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлерге коронавирус вакцинасының 4,4 млн дозасы жеткізілді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев осылай дейді. Оның айтуынша бүгінгі күні өңірлерде вакцинаның төрт түрін таңдау мүмкіндігі бар. Осылайша, "Спутник V" вакцинасын 10 миллион 280 мың доза көлемінде (ҚФК және РФ өндірген) сатып алған. Ал 1 ақпаннан бастап өңірлерге бірінші компоненттің 1,9 млн дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы жөнелтілген.

"10 маусымға дейін бірінші компоненттің 1 млн 200 дозасын және екінші компоненттің 525 мың дозасын жөнелттік. QazCovid-in (QazVac) вакцинасы 2 млн доза көлемінде сатып алынды. Өңірлерге 100 мың доза жеткізілді. Келесі тасымал маусым айының соңына дейін жоспарланған. Hayat-Vax 1 млн доза көлемінде сатып алынып, өңірлерге жөнелтілді. Бұдан басқа, өндіруші Sinovac Biotech компаниясы болып табылатын Coronavac вакцинасының 500 мың дозасын алдық. Өңірлерге жеткізу 12 маусымнан кейін күтілуде. Осылайша, бүгінгі таңда өңірлерге COVID-19 вакцинасының 4 млн 400 дозасы жеткізілді. Вакциналарды аймақтарға бөлу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады", - деп атап өтті Ерхат Есқалиев.

Бұдан бөлек бірыңғай дистрибьютор вакциналау жүргізу үшін 19,8 млн шприц сатып алып, оның 11,4 млн данасы қоймаларға жеткізілген.

Аян Бекенұлы
Вакцина, коронавирус,дистрибьютор вакциналау ,

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу