Өңірлерге қосымша 50 мың тонна дизель отыны бөлінді

1481

Түркістан облысында биылғы жылы 22 млн гектардан астам жерді жырту жоспарланып отыр.

Өңірлерге қосымша 50 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бидай алқаптарын, суда өсетін дақылдарды қысқарту және бос тыңайған жерлерді игеру есебінен майлы, жарма, дәнді-жемдік, бұршақты, жемдік дақылдар сияқты сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті дақылдардың алқаптары айтарлықтай ұлғаяды (арпа және дәндік жүгері – 57,2 мың га, қант қызылшасы-2,6 мың га, жемдік дақылдар – 654,1 мың га.). Бұл туралы 2019 жылғы егіс науқанын бастауға арналған баспасөз жиынында айтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігінің келісімі бойынша, наурыз-маусым кезеңіне – 380,0 мың тонна дизель отыны бөлінді (2018 жылы 375,0 мың тонна). Егіс алқаптарының ұлғаюын ескере отырып, өңірлерге қосымша 5,0 мың тонна дизель отыны бөлінді. Отын өңірлерге бекітілген кестеге сәйкес жеткізілетін болады.

Энергетика министрлігі МӨЗ – ден 160 теңге/литр (193,0 мың теңге/тонна) бағасын белгіледі, операторларды жеткізуді есепке алғанда, өңірлердегі орташа баға 176 теңге/литрді құрайды, бұл нарықтық бағадан 10% -ға арзан (ЖМС-195 теңге/литр).

2019 жылы "Кең Дала" бағдарламасы аясында АӨК субъектілерін несиелендіруге 60 млрд теңге бөлінді, соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% - дан аспайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге кредиттік серіктестіктер арқылы – 13 млрд теңге, екінші деңгейдегі банктер арқылы – 14 млрд теңге және 33 млрд теңге тікелей кредит берілмек. Бұлай бөлу   шартты, өйткені қаржыландыру өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу