Өңірлерге құс тұмауына қарсы 7,7 млн доза вакцина бөлінді

768

Мәжбүрлі шара аясында 3 261 елді мекенде 2 млннан аса құс вакцинацияланды.

Өңірлерге құс тұмауына қарсы 7,7 млн доза вакцина бөлінді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құстарды вакцинациялау тақырыбы көтерілді. 2020 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, ақпанда құс тұмауына қарсы 3,3 млн доза вакцина бөлінген. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасы міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолдановтың айтуынша, бұл жеткіліксіз болған. 

"Ошақтарды оқшаулау үшін қыркүйек айында республикалық резервтен 2,3 млн доза бөлінді. Кейін қосымша 697 755 доза вакцина, қазан айында 1,3 млн доза сатып алынды, осылайша өңірлерге 7,7 млн доза вакцина бөлінді. Арнайы бригадалар ұйымдастырылды, бұл жұмыстарға 1185-тен астам ветеринариялық мамандар тартылды", – деді ол. 

Елімізде Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген отандық вакцина тегін қолданылады. Бүгінде мәжбүрлі шара аясында 3 261 елді мекенінде 2,8 млн құс басы вакцинацияланған. 

"Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында вакцинация толығымен аяқталды. Эпизоотиялық жағдай ветеринарлық қызметтердің тұрақты бақылауында", – деді Тұрсын Қабдолданов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу