Өңірлерге "Спутник V" вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы жеткізіледі

754

Елімізде шамамен 3 млн адам COVID-19-ға қарсы екпе салғызған.

Өңірлерге "Спутник V" вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы жеткізіледі

Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндірілген "Спутник V" вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы өңірлерге жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол халыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатқанын атап өтті.

"Бүгінде екпенің 3 млн дозасы пайдаланылды. Яғни 2 млн 15 мың 53 адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл халықтың 20%-ы. Екпенің екінші компоненті шамамен 1 млн-нан аса адамға салынды", - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда егу пунктерінде вакцинаның жеткілікті қоры бар: 326 мың екпенің бірінші компоненті, 650 мың екінші компонент.

"Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндірілген "Спутник V" вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы бар. Жоспарға сәйкес, ол өңірлерге жеткізіледі", - Алексей Цой.

Министр елімізде коронавирустың жаңа мутацияларын анықтау үшін 
тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Осы жылғы сәуірде 30% үлгіде британиялық штамның циркуляциясы анықталды. Қазақстанда үндістандық штамның циркуляциясы анықталған жоқ", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеген еді. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу