Өңірлерде шаңғы мен биатлонды дамыту бойынша арнайы бағдарлама әзірленді

476

Аймақтарда қысқы спорт түрлерін дамытуға баса назар аударылады.  

Өңірлерде шаңғы мен биатлонды дамыту бойынша арнайы бағдарлама әзірленді Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жалпы биатлон, шаңғы спортында тарихымызда жетістіктеріміз бар. Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері шыққан. Былтыр аталған спорт түрлері бойынша арнайы бағдарлама әзірленді. Қазіргі таңда 9 өңірде осы спорт түрлері дамып келеді. Бірақ ауа райы қолайлы болып табылатын өңірлерге ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына және Алматы қаласына. Бұл өңірлерде осы спорт түрлерін кеңінен дамыту көзделген", - деді спикер.

ҚР биатлонистер одағының президенті Ермек Қизатовтың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда шамамен 5500 адам биатлонмен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу