Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді

624

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді

2018 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанға 109,3%, ал нақты жалақы индексі 103,1%-ды құрды, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 317,4 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 290,2 мың теңге (1,8 есеге), өнеркәсіп саласында – 232,2 мың теңге (1,4 есеге), құрылыс саласында – 229,2 мың теңге (1,4 есеге), ақпарат және байланыс саласында – 224,9 мың теңге (1,4 есеге) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 106,4 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 34,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді – 310,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында оның шамасы 98,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 38,9%-ға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу