Өңірлік кадр резерві: Ұлытау облысының әкімі кандидаттармен сұхбаттасты

234

"Елге қызмет ету, оның ішінде туған жерге еңбек сіңіру – өте жауапты да сауапты міндет".

Өңірлік кадр резерві: Ұлытау облысының әкімі кандидаттармен сұхбаттасты Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық өңірде ұйымдастырылған өңірлік кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі аяқталды. Жас менеджерлер пулын қалыптастыруға, талантты жастарды тартуға бағытталған жобаның маңызы ерекше, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті және Ұлытау облысының әкімдігі бірлесе өткізген іс-шараға облыс әкімі, комиссияның төрағасы Берік Әбдіғалиұлы қатысып, барлық кандидатқа сәттілік тіледі.

"Елге қызмет ету, оның ішінде туған жерге еңбек сіңіру – өте жауапты да сауапты міндет. Көзінде жарқыраған оты бар сіздердей жастар – Ұлытау облысының және еліміздің болашағы. Конкурсқа түскенде сіздер күрделі тапсырмаларды орындап, инновациялық шешімдер ұсына білдіңіздер. Бұл сіздерге әртүрлі салаларға жол ашуға мүмкіндік береді. Алда өз жобаларыңызды қорғайсыздар. Осы өте маңызды және жауапты сынақтан сүрінбей, табыспен өтулеріңізге тілектеспін", – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, осы жылдың наурызында басталған іріктеуге 70-тен астам азамат өтінім берген. Оның 30-ға жуығы соңғы кезеңге жолдама алды. Ал, 20-сы облыстың болашақ дамуы жолында өз идеяларын іске асыру үшін кадр резервіне алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу