Өңірлік операторлар көмірді делдалсыз сатады

663

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұтынушылар коммуналдық қызметке қанша қарыз екенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңірлік операторлар көмірді делдалсыз сатады

"Тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды. 4 өңірдің дебиторлық берешегі көп", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Бұдан кейін ол тауар биржасының қызметін реттеуді жетілдіру бағытында атқарылып жатқан шараға тоқталды. 

"Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талап бөлігінде ұсыным әзірледі. Ұсыным негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу