Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетудің басты институционалдық негізі болып табылатын Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімнің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Тараптар ең жоғары және жоғары деңгейлердеқол жеткізілген уағдаластықтарды, соның ішінде Мемлекет басшысының биыл 23 маусымда Брюссельге жасаған сапарының қорытындылары бойынша келісімдерді практикалық тұрғыдан іске асыруға, сондай-ақ "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" форматы аясындағы өзара ынтымақтастықтыодан әрі дамытуға ерекше назар аударды.
ЕО-ның өңірдегі экономикалық қатысуын кеңейту аясында тараптар көлік-логистикалық өзара байланысты нығайту перспективаларын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту, еуропалық инвестицияларды тарту және Global Gatewayбастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.