Өңірлік жұмыспен қамту жоспары аясында 715 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа тұрғызылды

377

Олардың жартысы – жастар.  

Өңірлік жұмыспен қамту жоспары аясында 715 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа тұрғызылды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жастар санатына кіретін азаматтар жасының төменгі шегін 29-дан 35-ке дейін көтеру мемлекеттік қолдау шараларының 5,7 миллион адамға қолжетімді болуына жол ашты. Биыл 20 өңірлік жұмыспен қамту жоспары іске асырылуда. Оларда алғаш рет облыстардың өңірлік еңбек нарығының ерекшелігі ескеріліп, тиісінше мемлекеттік қолдау шаралары сараланды. 1 қазандағы жағдай бойынша 715 мыңнан астам адам жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Оның жартысы – жастар", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, Үкімет жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар аясында да жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.

Мәселен, биылдың өзінде жалпы сомасы 273,4 миллиард теңге болатын 64 жоба жүзеге асырыла бастады, онда 12,3 мың жұмыс орны ашылады, деп түйіндеді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу